Шымкенттегі қоғамдық көлікке шағым көбейді
Шымкентте оқу жылы басталғалы қоғамдық көлікке қатысты жұртшылықтың шағымы көбейген. Әсіресе Тұран, Бозарық шағынаудандары мен Қайнарбұлақ тұрғын алабында автобустар лық толы. Оның сыртында қозғалыс арақашықтығы ұзарып кеткен. Ал жауаптылар жолаушы ағыны толық есепке алынбайынша, нақты көлік тапшылығын анықтау қиын екенін айтады. Себебі жеңілдікпен және тегін жүретін жолаушылар картасын валидаторға тіркемесе, олардың сапары электронды статистикаға түспейді. Қазір қаладағы 83 әлеуметтік маңызы бар бағыттарға мыңға жуық автобус шығады, жыл соңына дейін тағы 200-ге жуық көлік қосу жоспарланған.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:
Автобустардың жетіспеушілігі немесе шамадан тыс жүктемесі туралы айтуға ресми цифрлық негіз жоқ. Маршруттар бекітілген кестеден +/- 15 минуттық рұқсат етілген ауытқу нормасында ғана жүреді. Жолаушылар ағынын есептеу үшін, маршрутты дұрыс ыңғайлау үшін бізге жеңілдік санатындағы азматтардың карточкасын қондырғыға тигізгендігі қажет екендігін айтқым келеді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Білім бе, бизнес пе? Репетиторлық орталықтарды кім бақылайды?
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54