Басты Жаңалықтар Құрылтай депутаты әлеуметтік желіні шектеуді ұсынды

Құрылтай депутаты әлеуметтік желіні шектеуді ұсынды

Қазақстанда балалардың 88 пайызында жеке смартфон бар. Олар TikTok, YouTube және Instagram секілді платформаларды емін-еркін пайдаланады. Юнисеф қоры ұсынған осы деректі алға тарта отырып, Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Ол 16 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік желіден шектеу мәселесін көтерді. Шамадан тыс әуестік баланың кітап оқуына, спортпен айналысуына, отбасымен қарым-қатынасына және сабаққа дайындалуына кедергі келтіреді. «Заң қабылдап қою жеткіліксіз,  баланың жасын анықтау, жеке деректерін қорғау, жалған аккаунттар арқылы тіркелуге мониторинг жасау қажет», - деді депутат. Бірақ білімге қажетті цифрлық платформалар қолжетімді болуы керек. Мектептерде цифрлық гигиена мен медиасауатты жүйелі түрде оқытуды сұрады.


Бөлісу