Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады. Бүгін депутаттар бір палаталы органның регламентін бекітті. Бірінші оқылымда заң жобасының мақсаты мен міндеті талқыланады. Екінші оқылымда енгізілген түзетулер қаралады. Үшінші оқылымда Конституцияға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтіні қаралуы керек. Құрылтай отырыстары әдетте сәрсенбі және бейсенбі күндері, тыңдаулар жұмада, ал Үкімет сағаттары дүйсенбіде өткізіледі. Отырыс депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісі, яғни 97 депутат қатысқан кезде заңды болып саналады. Депутаттар Премьер-Министрге, Үкімет мүшелеріне, бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларына және өңір әкімдеріне депутаттық сауал жолдай алады. Оған жауап бір айдан аспайтын мерзімде берілуі тиіс.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14