Қазақстан интернет еркіндігі бойынша 65 елдің ішінде 50-орында
Freedom House ұйымы интернет еркіндігі бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады. Рейтинг басылым, трансляция және онлайн-БАҚ еркіндігінің дәрежесін бағалайды.
Интернет еркіндігі бойынша барлығы 65 мемлекеттің ішінде Исландия бірінші орында. Сондай-ақ ТОП-5 елдің қатарына Эстония, Канада, Германия мен Австралия да бар. Қазақстан бұл тізімде 50-орынға жайғасқан. Бұл - ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Бір жыл бұрын 46-орында болған еді. ТМД елдерінің ішінде Беларусь 48-орында, Әзірбайжан 45-орында, Қырғызстан 25-орында.
Жалпы, рейтингте мына көрсеткіштер назарға алынған:
• интернетке қолжетімділікке кедергілер;
• сайттарға шектеулер (сайттарды бұғаттау, цензура);
• пайдаланушының құқықтарын бұзу (желідегі әрекеттерді, құпиялылықты бақылау).
Дереккөз: ranking.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23