Басты Жаңалықтар Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс жалғасып жатыр

Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс жалғасып жатыр

Армения мен Әзірбайжан әскерлері арасындағы қақтығыс түні бойы тоқтамай, бүгін екінші күнге ұласты. Қаза тапқандардың саны 21-ге жетіп, жүздегені жараланған. Тараптар бір-бірін артиллерия қолданды деп айыптап отыр. Әзірбайжан сыртқы істер министрлігі елдің алты бейбіт тұрғыны мерт болғанын және 19-ы жараланғанын хабарлады. Ал осы елдің қорғаныс министрлігінің дерегінше, Армения 550-ден астам жауынгерін жоғалтқан. Бірақ ресми Ереван бұл ақпаратты растамады. Таулы Қарабақ қарулы күштері болса, опат болған сарбаздар туралы видеоны көрсетті. Олардың үстінде – Әзірбайжан униформасы. «Интерфакстің» дерегінше, жанжал барысында 200-дей армениялық жараланған. 

Таулы Қарабақта әскери жанжалдың осы жолы не үшін басталғаны әзірге белгісіз. Тараптар қазір бір-бірін айыптап отыр.

Арыстан Рысбек

Бөлісу