«Еңбек адамы – ел тірегі» жобасы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еңбек адамы – ел тірегі» жобасы жалғасуда

18.09.2020

«Еңбек адамы - ел тірегі». «Ауыл» партиясының осындай атауға ие саяси бастамасы еңбек адамының мәртебесін көтеріп, ауыл-аймақта кәсіп түрлерінің жандануына себепкер болды. Алған білімі мен іскерлік тәжірибесін туған жерді түлетуге жұмсап жүрген осындай жастың бірі - партия мүшесі Тимур Мұратов. Ол бүгінде Темірлан ауылындағы ірі серіктестіктің директоры. Оның жетекшілігіндегі шаруашылық 800-ге тарта асыл тұқымды ешкі өсіріп, оның сүтінен тұтынуға дайын өнім шығарып келеді. Сүт, айран, сыр, құрт сияқты өнімдері қазір ел нарығына дендеп ене бастаған. Кездесу барысында компания директоры «Ауыл» партиясының мүшелерін жетістіктерімен таныстырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбектің ерекшеліктерімен бөлісіп, келешектегі жоспарлары туралы айтып берді. Және ауыл мен ел жастарын қолдаудағы мемлекет қамқорлығына қол жеткізу жолдарын түсіндірді. Қатарластарын ауылда еңбек етуге, сөйтіп мемлекет экономикасының ілгерілету үшін күш жұмсауға шақырды. 

Тимур Мұратов, серіктестік директоры:

- Ауылдағы әрбір екінші жас ауыл шаруашылығымен айналысуы керек. Ордабасы ауданы бойынша өткен жылы 368 адамға грант берген, соның ішінде 205-і ауыл шаруашылығы бойынша жастарға. 25 пен 30 жас аралығындағы жастар жұмыспен қамтылып отыр.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу