Жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Екінші дүниежүзілік соғыста із-түссіз жоғалып кеткен отандасымыздың сүйегі елге жеткізілді. 1920 жылы Семейде туған Жағыпар Қайларов 1941 жылдың қыркүйегінде майданда қаза тапқан. Жауынгердің сүйегі биыл қаңтар айында «Искра» іздеу жасағының көмегімен Ресейдің Ленинград өңірінен табылды. Мәскеуден марқұмның денесі тиелген арнайы ұшақ Нұр-Сұлтан қаласы арқылы Алматы облысының Жетіген ауылына қонды. Осы жердегі әскери бөлімде жауынгердің сүйегін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Сонымен қатар, Жетіген ауылында қаралы митинг ұйымдастырылып, Жағыпар Қайларов жер қойнына тапсырылды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06