Әйелге күш көрсеткен сот орындаушысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелге күш көрсеткен сот орындаушысы ұсталды

10.09.2020

Көпбалалы отбасын пәтерінен күштеп шығармақ болған сот орындаушысы ұсталды. Осы айдың басында ипотека бойынша берешегі бар Мартыновтар отбасына қатысты сот мүлікті алу туралы шешім қабылдаған. Алайда үкімді орындауға келген сот орындаушысы мен тұрғындар арасында жанжал туындайды. Мүлкін қорғауға отбасы мүшелері мен туыстары жиналған. Бұл жағдайға полиция қызметкерлері араласып, сот орындаушысы Ішкі істер бөлімшесіне жеткізілді. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Аталған дерек тергеудің Қылмыстық Кодекстің 389-бабы, үшінші тармағы бойынша тіркеліп, қазіргі таңда Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тергеу амалдары басталып кетті. 

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу