Рудный қаласында 5 адамның қос азаматтық алғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудный қаласында 5 адамның қос азаматтық алғаны анықталды

10.09.2020

Қостанай облысының Рудный қаласында 5 адамның қос азаматтық алғаны анықталды. Олардың бұл әрекеті көші-қон орталығының қызметіне жүгіну кезінде әшкереленген. Заңды өрескел бұзған азаматтардың төртеуіне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Біреуі Қазақстан аумағынан шығарылды. 

Көші-қон заңын бұзғандарды анықтау мақсатында арнайы рейдтер де ұйымдастырылып тұрады. Мұндай іс-шара соңғы сегіз айда екі рет өткізілген. Осы уақыт ішінде әшкереленген 5 адамның бәрі Қазақстан төлқұжатымен қоса, Ресейдің азаматтығын алғандар.

Біржан Аманбаев, Рудный қалалық көші-қон қызметі бөлімінің басшысы:

- Көбіне Қазақстан мен Ресей азаматтары арасында кездеседі. Азаматтық алғаннан кейін олар заңға сәйкес 30 күн ішінде тапсыруды ұмытып, немесе уақытында тапсырмаған.

Хабарламаларға жазылу