Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алуға 23 шақырымнан астам бөгет салынды
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар іске асып жатыр. Жылда ернеуінен асып, таситын Сергеев су қоймасында биыл жағдай қалай? Өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленовадан білейік. Эльмира, жалпы өңірдегі ахуал қалай?
Эльмира Кәленова, тілші:
Қайырлы күн, Қонысбек! Су ернеуінен 8 сантиметрге асып жатыр. Мамандардың айтуынша жағдай тұрақты. Шағын өзен-көлдердің де деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді. Облыста табиғи апаттың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 23 шақырымнан астам бөгет салынды және нығайтылды. Қар шығарылып, арықтар тазаланды. Сонымен қатар инертті материалдар әзірленді.- Болжам қандай? Қанша елді мекенге қауіп бар ?
- Мамандардың айтуынша биыл тасқын қаупі былтырғыдан төмен. Дегенмен, сақтық шараларын жүзеге асыру мақсатында су тасқыны болуы мүмкін 112 елді мекен тіркелді. Оларда 7 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Арнайы қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16