БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
Батыс Қазақстан облысында қоғамдық көлік мектеп автобусымен соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті. Оқиға Теректі ауданы Подстепное кентінде болған. Қоғамдық көлік мектеп автобусын түйіп, ол автобус бағдаршамда тұрған жеңіл көлікке соғылған. Жол апатынан зардап шеккендер арасында балалар да бар. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілген. Дәрігерге жүгінген қалған жолаушылар үйіне жіберілген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17