Басты Жаңалықтар ШҚО-да өзендерде жаппай мұз жару жұмыстары басталды

ШҚО-да өзендерде жаппай мұз жару жұмыстары басталды

Шығыста соңғы бір аптада ауа райы айтарлықтай жылынды. Нәтижесінде жазық даладағы қар тоқтаусыз еріп жатыр. Ал таулы өңірлерде көбесін енді сөгілді. Дегенмен солтүстік аудандардың 80 пайызы әлі қар астында. Суы таяз, кішігірім өзендерде мұз еріп болды. Қара Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Абылайкит, Ақсу өзендерінде мұз кептелуі мүмкін. Сондықтан мамандар кептеліс болатын аумақтарды анықтап мұз жару жұмысына кірісті. Ал жалпы өңірде осы қыста елді мекендерден 335 мың текше метр қар шығарылды. Қазір аймақта қарғын суға дайындық ретінде 4 мыңға жуық адам, 556 техника, 75 жүзу құралы және 234 мотопомпа әзір тұр. Оған қоса 82 мың дана қап, 10 тонна инертті материал, 393 тонна жанар-жағармай да дайындалды. Егер су басу қаупі төнсе халықты уақытша көшіруге арналған 13 мың адам сыятын 137 эвакуациялық пункт жасақталды.


Бөлісу