«Superstar kz»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
Тура төрт күннен кейін «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады. Бұл - жай ғана байқау емес, бұл - үлкен сахнаға апарар алғашқы қадам. Себебі бұл жоба талай жастың тағдырын өзгертіп, армандарын шындыққа айналдырды. Әріптесім Самал Қабышева «SuperStar KZ» жобасының қазақ жастарына қалай қанат бітіргеніне шолу жасайды. Бірге тамашалайық.
Иә, бұл кадрға – тура 23 жыл. 17 жасында сахнаға шыққан Қайрат Түнтеков 2004–2005 жылдары өткен «SuperStar KZ» жобасының жеңімпазы атанып, елге танылды. Сол бір сәттен басталған өнер жолы бүгінге дейін жалғасып келеді. Биыл әнші 40 жасқа толды.
Ал бұл – Мөлдір Әуелбекова. Ол да көрермен жүрегіне дәл осы жоба арқылы жол тапқан әншілердің бірі. Нұржан Керменбаев, Айқын Төлепберген, Мақпал Исабекова, алишер Кариов сынды қазақ эстрадасында өзіндік орны бар талай жұлдыздың жұлдызын жаққан – осы «SuperStar KZ» жобасы. Алды мемлекеттік марапаттардың иесі атанды. Мәселен, былтыр Алишер Каримов «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды.
Иә, 20 жыл бұрын «SuperStar KZ»-ке қатысып, танымал болған Мақпал Исабекова мен қазылар алқасында отырған Ләйлә Сұлтанқызы биылғы «SuperStar KZ» жобасында қазылар алқасының мүшесі. Жаңа таланттарға жол ашпақ. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, бұл жоба – батылдық пен сенімнің алаңы.
Ләйлә Сұлтанқызы, «SuperStar KZ» жобасының қазылар алқасының мүшесі:
Ең бастысы қызылмау керек, ұялмау керек. Бұл бірден бір үлкен мүмкіндік.Үлкен сахнаға шығу. Сіз көз алдыңызға елестетіңіз, ертең сізді бүкіл телеарнадар көрсетеді. Сізді бүкіл жерде күтеді. Сізбен суретке түсуге бәріміз жүгіреміз. Сондықтан, сіздің бойыңызда мен осыны таңдаймын, осыны қалаймын, мен осындай болғым келеді деген нәрсе болса, осындайкішкентай талант болса, келуіңіз керек.
Самал Қабышева, тілші:
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу 4-26 сәуір аралығында 9 қалада өтеді. 4 сәуір – Шымкенттен басталып, 26 сәуір Алматыда аяқталады. Келесі жарқ етер есім – дәл сіз шығарсыз. Сахна сізді күтеді. Кім біледі, бәлкім дәл сіз — ертең ел сүйетін жұлдыз боласыз. Себебі бұл жоба талай жастың тағдырын өзгертіп, армандарын шындыққа айналдырды. Кастингтен қалмаңыз, бағыңызды сынаңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы