Алматыда белгісіз пневмонияның себебін анықтау үшін корей технологиясы пайдаланылады. Осылай деген қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бұл мәселе бақылауға алынатынын айтты. Себебі осы аурудан адам өлімі жиі тіркелген. Енді оның себеп-салдарын зерттеу үшін заманауи технологияларды қолдану жоспарланып отыр. Осы кезге дейін 38 зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның 15-інде өкпенің қабынуын әлдебір бактериялар тудыратыны анықталған. Сондай-ақ, қаланың бас санитар дәрігері Алматыда коронавирус індетінің жұғу қарқыны азайып, эпидахуал тұрақталғанын жеткізді.
Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:
- Күнделікті өсу қарқыны шілде айына қарағанда 35 есе төмендеді. Нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасы төсегінің 83 пайызы босады. Осындай ең объективті көрсеткіш эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді.
Қуан Нұрақын