Жаңа оқу жылымен қатар бүгін телесабақтар басталды. Көктемдегідей оқушылар «Balapan» және «Ел арна» телеарналары арқылы білім нәрімен сусындамақ.
Бүгінде 2 мыңға жуық телесабақ түсірілген. Күніне 84 сабақ көрсетілсе, соның қазақ тіліндегі нұсқасы «Balapan» арнасынан көрсетіледі. 1-11 сыныпқа арналған телесабақтар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-ден бастап, 18:00-ге дейін беріледі. Сабақты өткізу үшін 190 мұғалім тартылған.
Ал «Balapan» көрсетпейтін ауыл-аймаққа телесабақтар «Qazaqstan» арнасы арқылы ұйымдастырылмақ. Сөйтіп күнде 3 млн-ға жуық бала телесабаққа қатысады. Айта кетейік, бұл сабақтардың құрылымын, мазмұндық сипатын Білім және ғылым министрлігінің өкілдері әзірлеп, арнайы сарапшылар қадағап отыр.
Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ Мектепте дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы:
- Мазмұнына сәйкес әдістеме жетілдірілді. Сабақты түрлендіреді. Қосымша контенттерді қолданады.
Армангүл Тоқтамұрат