Ливан халқына көмек көрсеткен əскери дəрігерлер елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливан халқына көмек көрсеткен əскери дəрігерлер елге оралды

27.08.2020

Екі аптадан астам уақыт Ливан халқына көмек көрсеткен əскери-медициналық жасақ елге оралды. Əскери дəрігерлер Бейрут, Сайда, Машгара қалаларында тұрғындарды емдеуге жұмылдырылған. Барлығы 635 науқасты қабылдап, 73 адамға ота жасады. Бейрут əскери госпиталіне Қазақстан тарапынан дəрі-дəрмек пен медициналық бұйымдар тапсырылды. Жұмыс барысында қазақстандық əскери дəрігерлер ливандық əріптестерімен бірлесіп емдік іс-шаралар жүргізіп, тəжірибе алмасты. 

Айта кетейік, Бейрут портындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір топ Қазақстандық маман 8 тамызда Ливанға аттанған болатын.

Ғалымжан Омаров, хирург, медицина қызметінің полковнигі:

- Басқа елдің тəжірибесін алмасып, ондағы дəрігерлердің жұмысымен танысып, олармен жұмыс істеу біздің жас дəрігерлер үшін өте қажет. Ливанның халқы өте қарапайым. Көп соғыс көрген олар. Сондықтан əрбір көмекке зəру. Біз өте жақсы қарсы алды.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу