Семейде коронавирустан айыққан науқастар қан тапсыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде коронавирустан айыққан науқастар қан тапсыруда

26.08.2020

 Семейліктер иммунды плазмаға қан тапсыруда белсенді. Мамандар өз еркімен келіп жатқан донорлардың көптігін айтады. Қалалық қан орталығында бүгінде барлық топтағы плазма түрі жеткілікті. Дегенмен, қор əлі де үздіксіз жинақталып жатыр.

Эльмира Қойшыбаева - əскери қызметкер. Коронавирусқа шалдығып, дерттен құлан таза жазылып шыққан. Кеселдің ауырлығын жақсы біледі. Сондықтан науқастанған өзге адамдарға көмек беру үшін иммундық плазма тапсыруға келген.

Эльмира Қойшыбаева, донор:

- Əр адамның өзінің патриоттық сезімі бар. Өз халқына көмек бергісі келеді. Мен де COVID-қа қарсы күреске көмегімді бергім келіп тұр.

Коронавирустан жазылған кез келген адамның иммундық плазмасы жарай бермейді. Дəрігерлер алдын ала сараптама жасап, аурудан айыққан адамның бойында дертке қарсы антиденелер табылған жағдайда ғана алынады. Бүгінге дейін 50-ге тарта семейлік плазма тапсырған. Ерікті түрде келіп жатқандар əлі де көп.

Ботагөз қалибекова, терапевт-дәрігер:

- Халықтың белсенділігі жақсы. Қазір хабарласып жатқан донорлар бар. 

Короновирус дертін емдеуде иммундық плазманы қолдану - еліміз бойынша тəжірибеге енгізілген əдіс. Қазірдің өзінде тəсіл тиімділігін көрсетті. COVID басталғалы дертті жұқтырғандарды плазма құю арқылы емдеуді Шығыс Қазақстан дəрігерлері алғашқылардың бірі болып іске асырған.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу