Қарағанды облысында Бетбақдала аумағында ақбөкендерді қынадай қырған браконьерлер ұсталды. Олар 212 түз тағысын атып алған. Қарағанды, Қызылорда облыстарының полицейлері бірлесіп, жедел-іздестіру кезінде алты күдікті қолға түсті. Олардың барлығы - қызылордалықтар.
Өткен жылы Қылмыстық кодекстің бірнеше бабына жазаны қатаңдату мақсатында түзетулер енгізілген болатын. Бұрын мұндай қылмыс жасағандар 5 жыл түрмеде отыратын. Енді жаңа заңға сай ұсталғандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әбіл Әбілдин, Полиция департаменті басшысының орынбасары:
- ҚР ҚК 337, 339-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Заттай айғақтар: қару-жарақ, автомобильдер мен жануарлардан алынған заттар табылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы