13 жастағы Арулат Мұхаметқали маникюр шеберлері арасында өткен халықаралық жарыста жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 жастағы Арулат Мұхаметқали маникюр шеберлері арасында өткен халықаралық жарыста жеңіске жетті

24.08.2020

Екібастұз қаласының тұрғыны 13 жасар Арулат Мұхаметқали Португалияда өткен маникюр жасаушылар арасындағы халықаралық байқауда үздік деп танылды. Онлайн режимде өткен чемпионатта жеткіншек əлемнің 17 елінен қатысқан 190 үміткердің ішінен топ жарып шықты. Оның үстіне Арулат əлемдік байқауға қатысқан ең жас маман ретінде танылды. 

Арулат Мұхаметқали мүгедек інісінің еміне ақша жинау үшін тырнақ əрлеп, табыс тауып жүр. Осыған дейін Арулат Ресейдің Мəскеу қаласында өткен маникюр шеберелері арасындағы инкрустация байқауына да қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

Арулат Мұхаметқали, халықаралық байқаудың жеңімпазы:

- Соңғы жарты жылдың ішінде менің өмірімде көп нәрсе өзгерді. Мен екі үлкен додаға қатыстым. Екінші чемпионат Португалия елінде 20 тамызда ұйымдастырылды. Онда мен «Дебют» категориясы бойынша қатысып, жеңіске жеттім.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу