Қазақстандық дипломаттар мектеп оқушыларына ноутбуктер сыйлады. Қашықтан оқитын балғындар үшін бұл тамаша тосынсый болатыны анық. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан 150 балаға Қазақстан дипломаттар бірлестігі жаңа оқу жылы қарсаңында осындай ізгілікті іс жасамақ. Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, шетелде жұмыс істейтін қазақстандық дипломаттар мен біздің елшіліктерімізбен әріптестік орнатқан шетел азаматтары қаржы жинап қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен. Акция аясында 26 млн теңге жұмсалды. Өз кезегінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин отандық дипломаттардың бұл бастамасына алғыс білдірді. Су жаңа құрылғылар «Мектепке жол» акциясы аясында әр балаға жеке табыс етілмек.
Аружан Саин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
Біздің әр шарамыздың басты мақсаты бабаларға көмектесу.Біздің қорымыз көмектесе алатын , және көмекке мұқтаж адамдардың арасында коммуникация жасау. Жаңа оқу жылы басталып отыр және біздің балаларымыз дистонциялық түрде оқиды және кейбір балаларымыздың арасында компьютер, планшет, смартфон жоқ.
Қуан Нұрақын