Жаңа оқу жылында елордада 3000 кезекші сынып ашылады. Онда 1-4 класс оқушылары оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. Ақпаратқа сай, биыл кезекші сыныпқа бастауыштың 41 мыңнан астам оқушысы барса, оның 14 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер. Бірінші классқа баратындар үшін 1022 кезекші сынып жұмыс істейді. Ережеге сәйкес, класстағы бала саны 15-тен аспайды. Балаларды тек бір кабинетте бір мұғалім оқытады. Үзілістер әртүрлі уақытта болады және күніне тек үш сабақ өтеді. Айта өтейік, қыркүйекте елордалық 25 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа бармақ. Құжаттар әлі де қабылданып жатыр.
Асыл Аманкелдиева, Қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:
Бізде кейбір мектептерде 1 сынып саны 10-15-тен асып кетіп отыр. Барлығы неше сынып жиналады, соншалықты аусымы белгілі болады. Бүгінше екі аусымда болып отыр. Әрі қарай сынып санының ұлғаюына байланысты
Армангүл Тоқтамұрат