Алматыда жұқпалы аурулар ауруханаларында жатқан науқастар саны 3 есе азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жұқпалы аурулар ауруханаларында жатқан науқастар саны 3 есе азайды

06.08.2020

Алматыда жұқпалы аурулар ауруханаларында жатқан науқастар саны үш есеге азайды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. Аурудың шарықтау кезінде төсек орындардың 90 пайызы қамтылса, қазір 30 процентке кеміген.

Қаладағы №4 және №7 қалалық клиникалық ауруханалар біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне көшуде. Соған қарамастан коронавирустың екінші толқынына дайын болу үшін жағдайы ауыр науқастарға арналған инфекциялық стационарларда мыңнан астам қосымша орын дайындалып жатыр. Сонымен қатар, ауруханалар мен дәріханалардағы препарат тапшылыңы да тұрақталды.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

«450 мыңдай дәрі-дәрмек аптекалардың өзінде бар дәріханаларда. Ал біздің қоймаларда 4 миллионға жуық запасымыз бар. Жақын арада 3 миллионға жуық дәрі-дәрмек келуін күтіп отырмыз.»

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу