Полиция қызметкерлерінің жалақысы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметкерлерінің жалақысы өсті

05.08.2020

Алматылық полицейлердің жалақысы көбейді. «Жол картасы» аясында және ішкі істер департаментін модернизациялау барысында тәртіп сақшыларының айлығы 65 пайызға өсті. Енді құқық қорғаушылар 140 мың теңгеден бастап 174 мың теңгеге дейін ала бастайды.

Сондай-ақ, 700-ден астам қызметкерге тұрғын үйді жалдағаны үшін ай сайын қосымша өтемақы төленеді.

Алып шаһарда полицейлердің жұмысына аса қажетті «Сергек» камералары көбейтілетін болды. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тағы 360-тан астам камера орнату жоспарланған. Соңғы кезде мұндай ақпараттық жүйенің маңызы артып келеді. Мәселен, алғашқы алты айда «Сергек» бейне-бақылау камераларының көмегімен үш жарым мыңға жуық қылмыс ашылған.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі

«Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді. Олардың санын тағы 362-ге көбейту жоспарлануда. Олар қаланың төтенше жағдай аймақтарында және жол қозғалысы ережелері жиі бұзылатын жерлерде орнатылады»


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу