Шымкентте науқастардың көбеюіне байланысты 628 төсек орын әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте науқастардың көбеюіне байланысты 628 төсек орын әзірленді

29.06.2020

Шымкентте пневмонияға шалдыққан науқастар санының көбеюіне байланысты 51 емдеу мекемесі жанынан тағы 628 төсек орын әзірленді. Осылайша мегаполисте індет жұқтырғандарды стационарлы емдеуге арналған орындар саны 2770-ке жетті. Провизорлық орталықтар үшін негізінен жекеменшік клиникалар, спорт нысандары мен мектеп ғимараттары пайдаланылуда. Емдеу мекемелерін медициналық препараттармен қамтамасыз ету үшін жергілікті билік бірыңғай дистрибьютормен 852 дәрілік зат пен медициналық бұйымдар сатып алуға келісім жасады. Оған қазынадан 1,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ медициналық ұйымдарға көмек көрсету үшін тағы 207 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алынатын болды. Мұндай кешенді шаралар қабылдауға шаһар тұрғындары арасында тұмаумен ауырғандар саны 2 есеге, ал өкпе қабынуы 6 есеге өскені себеп болып отыр. Жалпы аймақта бұл індеттерден 41 науқас көз жұмды. 

Хабарламаларға жазылу