Covid-19 вирусының ілмегіне іліккендер қатары артып барады. Ресми мәлімет бойынша, демалыс күндері бұл қатерлі дерттен елімізде 7 адам қайтыс болды. Үшеуі Нұр-Сұлтан қаласында. Олар 54 пен 78 жас аралығындағы ер азаматтар. Алматы қаласында да сенбі-жексенбі күні 3 адам көз жұмды. Үшеуі де 60-тан асқан ер адам. 1960 жылы туған ер адам ауруханаға 5 маусым күні түскен. Жағдайы ауыр болғандықтан өкпені жасанды желдету аппаратын қосылған. Екі апта аурумен күрескен науқас кеше дерттен көз жұмды. Ал 1957 жылғы ер азаматтан маусымның басынан бері тұмаудың белгілері байқалған. Алайда тек 14 маусым күні жедел жәрдем шақырған. Ал Ақмола облысында сенбі күні 1955 жылы туған әйел адам аурудан айыға алмай, жан тәсілім етті. Жалпы, осы уақытқа дейін еліміз бойынша ковид-19-дан 120 адам қайтыс болды. Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Павлодар облысында қайтыс болғандар көп тіркелген. Бұдан бөлек бейсенбі күні денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева коронавирустан қайтыс болғандар тізіміне енбеген тағы 54 өлім тіркелгенін айтқан.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ