Премьер-Министр мен әкімдер Президентке елдегі коронавирус бойынша жағдайды баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары әкімдерінің індетпен күрес бағытындағы жұмыстарымен қатар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады.
Мемлекет басшысы тест сынамасының ауқымын кеңейтуді, дәрігерлерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтасыз етуді тапсырды. Президенттің пікірінше, алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдік тұрғыдан қолдау көрсетудің мәні зор. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдерге елдегі экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ