Елордада шектеулер күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада шектеулер күшейтілді

19.06.2020

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қажетті азық-түлігі мен дәрі дәрмегін бүгіннен қалдырмай артығымен сатып алып қойғаны дұрыс. Шахар әкімдігі халыққа осылай деп кеңес берді. Өйткені аса бір қажеттілік болмаса үйден шықпаған жөн. Алдағы демалыс күндері елордада сауда үйлері мен базарлар, ойын-сауық орталықтары, сән салондары мен қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтайды. Уақытша шектеулер бүгін түнгі сағат 22-00-ден басталып 22 маусымға дейін жалғасады. Алайда, дүрбелеңге жол бермеу қажет екенін айтады. Нұр-Сұлтанның басты санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес тұрғындардың жүріп-тұруы да шектеледі. Азаматтарға тек мынадай жағдайда ғана далаға шығуға болады: Үй мен жұмыс арасында. Бірақ жұмыс орнынан анықтама болуы шарт. Азық-түлік, дәрі-дәрмек алу үшін үй маңындағы дүкен мен дәріханаларға барып-келуге болады. Алайда, олардың жұмыс уақыты таңғы 10 мен кешкі 17:00 аралығында ғана рұқсат етіледі. Шұғыл, күттірмейтін жағдай бойынша емханаларға баруға және үй жануарларымен жақын маңда серуендеуге рұқсат етіледі.  

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу