Елімізде коронавирустан 4 адам қайтыс болды
Елімізде Covid-19 дертінен қайтыс болғандар саны 77-ге жетті. Кеше вирустан тағы 4 адам қаза болды. Елордада 1941 жылы туған әйел адам, ал Ақмола облысында екі бірдей азамат 1952 жылғы әйел және 1977 жылы туған ер адам вирустың құрбаны болды. Екеуінде де екіжақты пневмония тіркелген. Ер адам 4 күндей өз-өзін емдеумен айналысқан. Дәрігерлер уақытылы медициналық көмекке жүгінгенде оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік көбірек болатынын айтады. Ал Павлодар облысы Екібастұз қаласында 1971 жылы туған әйел вирустың ілмегіне ілінді. Ол бүйрек ауруымен есепте тұрған. Бастапқыда вирус анықталмаған. Ауруханада біраз ем қабылдайды. Қайта сынама кезінде ағзадан Covid-19 анықталған. Жан сақтау бөлімінде 9 күн жатып, бақилық болды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06