Міндетті құжаттардың ішінен 25 анықтама қағазы алынып тасталынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті құжаттардың ішінен 25 анықтама қағазы алынып тасталынады

12.06.2020

Қазақстандықтар енді мемлекеттік органдар арасына сабылып, бума-бума құжат жинамайды. Жыл соңына дейін айналымнан 25 анықтама алынып тасталмақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев кеше есеп беру жиында айтты. Сонымен, ол қандай анықтамалар?! Психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы ұйымдардан және көлік басқаруға рұқсат туралы қағаз енді керек болмауы ықтимал. Жылжымайтын мүлкіңіздің бар-жоғы, оның техникалық сипаттары да сұралмайды. Қарыздарыңыз туралы есеп те, бермейсіз. Зейнетақы қорындағы ақшаның көлемі, АӘК алушыларға жататындығыңызды, әскерге барғаныңызды немесе жұмыссыз, жеңілдік иесі екеніңізді дәлелдейтін құжат қажет емес. Білім туралы анықтамалар да тізімнен алынып тасталмақ. Қазір жауапты министрлік бірқатар мемлекеттік органдарға ұсынысты жіберген. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу