Иә бас қалада ауру қарқыны бәсеңдемей тұр. Нұр-Сұлтандағы ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 40 дәрігері коронавирус жұқтырды. Бұл жөнінде қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлімдеді. Қазір орталықтағы жағдай қатаң бақылауға алынған. Дәрігерлердің барлығында бұл індет симптомсыз өтіп жатыр. Олар үй карантиніне алынған. Жалпы қалада санитарлық талаптардың сақталмауынан эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай тұр. Жанна Пралиева эпидемиологиялық ахуалды бағалай отырып, коронавирустың одан әрі таралуына жол бермес үшін карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға мәжбүр екенін айтты. Санитар дәрігердің мәліметінше, қазір тұрғындар бетперде тақпайды. Адам көп жиналатын кей қоғамдық орындарда санитарлық талаптар сақталмай отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ