Елордада COVID-19-ға тест тапсыруға арналған мобильді орталық ашылды. Енді автожүргізушілер мен жолаушылар қауіпті инфекцияға жылжымалы көлікте отырып-ақ тексеруден өтеді. Мобильді орталық күніне 100-ден астам тест жасауға қауқарлы. Бір адамға небәрі 3-5 минут кетеді. Коронавирустың алдын алу үшін жасалған жоба аясында, бір апта ішінде 700-ге жуық көлік жүргізушісі тест тапсырған. Бағасы - 10 мың теңге. Тест нәтижесі 6-7 сағатта белгілі болады. Науқас оны бір тәулік ішінде электрондық пошта арқылы алады. COVID-19 вирусына күдікті болған жағдайда, осы кезеңде тестіленуші мамандандырылған ауруханаға ауыстырылады. Мобильді скрининг-орталық сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз, індеттің соңына дейін жұмыс істемек.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ