Дональд Трамп елдегі көтерілістерді тоқтатуға әскер жібермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп елдегі көтерілістерді тоқтатуға әскер жібермек

02.06.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп бүкіл елді жайлаған көтерілістер мен зорлық-зомбылықты тоқтатуға армияны аттандыратынын ескертті. Алайда, 1878 жылы қабылданған заңға сәйкес, Конгрестің рұқсатынсыз қарулы күштер мемлекет аумағында мұндай әрекетке бара алмайды. Бірнеше күн бұрын Трамп әкімшілігі Құрама Штаттардың ондаған ірі қаласында коменданттық сағат жариялады.

Соған қарамастан, тәртіпсіздіктер тоқтамай отыр. Қарсылық акцияларының басталуына ақ нәсілді полицейдің афроамерикалық Джордж Флойдты тұншықтырып өлтіру себепші.

Жетінші тәулікке ұласқан шерулер мен қақтығыстар кезінде ондаған қалада дүкендер тоналып, 12 шіркеуге от қойылды. Нәсілдер мәселесіндегі әділетсіздікке наразылық ретінде кейбір тәртіп сақшылары тізе бүгіп, демонстранттар жағына өтіп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу