Алматыда 2-ге толмаған сәби көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 2-ге толмаған сәби көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

02.06.2020

Алматыда 2-ге толмаған сәби көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Бірден ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайы ауыр, ауруханада жатыр. Анасының айтуы бойынша бала жерге басымен түскен. 

Төтеншеліктер күн жылынып, терезелерді ашық қалдырған сайын мұндай деректер жиі тіркелетінін айтады. Сондықтан ата-аналарды мейлінше қырағы болып, әсіресе жас балаларды бақылаусыз қалдырмауға шақырады.

Елдегі статистика тіпті қорқынышты. Жыл басынан бері еліміз бойынша 35 бала терезеден құлап кеткен. Оның 21-і мамыр айынды. Мұндай жағдайлардың санын азайту үшін құрылыс талаптарына да өзгеріс енгізіліп жатыр.

Бұл талап тек жаңа нысандарға қойылады. Ал баланың қауіпсіздігін сақтау Ата-аналардың тікелей міндеті болып қала бермек.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу