Қара нәсілді азаматтың өлімінен кейін АҚШ пен Еуропа елдерінде наразылық шеру күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара нәсілді азаматтың өлімінен кейін АҚШ пен Еуропа елдерінде наразылық шеру күшейді

01.06.2020

Коронавирус пандемиясынан 100 мыңдай адам жоғалтып, ондаған миллион жұмыс орнынан айрылып, Ұлы Күйзелістен бергі үлкен дағдарысқа ұшыраған АҚШ-та тәртіпсіздіктер басылар емес. Өткен тәулікте Американың ірі қалаларында көліктер өртеліп, полицейлер мен демонстранттар арасында қақтығыстар өршіп, дүкендер тоналып, жүздеген адам тұтқындалды. Сонымен қатар, талай полиция офицері жараланып, жанжал жайлаған қалаларға әскер кіргізіп, коменданттық сағат жариялауға тура келді. Оңтүстік Калифорнияда дүкендер тоналып жатса, Миннеаполисте жанармай таситын машина демонстранттарды басып өте жаздады. Ал Бостон мен Вашингтонда шерушілер полицейлермен қақтығысып жатыр. Және де ашынған манифестанттар отты шөлмектер лақтырып, көшелер мен көліктерге өрт қойды.

Бұл өлімге қарсы акциялар Лондон мен Берлинде, Жаңа Зеландияда, Австралияда, Нидерландыда да өтті.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу