Коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7 пайыздан асса, шектеулер күшейеді
Ал еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың бекіткен жаңа қаулысына сәйкес, коронавирус жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 7 пайыздан асса, біршама шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ шетелден келгендер 2 тәулік стационарда жатады. Оларға коронавирустың белгілерін анықтайтын зертханалық тексеру жүргізілмек. Егер дерттің симптомдары бар болса, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме және халықаралық ұйым өкілдерінің қызметкерлері бұл талаптан босатылған. Қаулыда бес күн ішінде COVID-19 жоқтығын растайтын анықтаманы алып, Қазақстанға келгендер 14 күн бойы өз үйінде оқшаулануы тиіс. Ондай мүмкіндігі жоқтар карантиндік стационарға жатқызылатыны жазылған.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06