Теректің мамығынан өрт жиілеп кетті
Павлодарда ақ ұлпадан аяқ алып жүру мүмкін емес. Теректен ұшқан ұлпаның кесірінен өңірде өрт жиіледі. Өткен сенбі, жексенбі күндері облыстық өрт сөндіру қызметіне 130-дан аса шақырту түскен. Оның елуге жуығы Павлодар қаласында болды. Ақ мамық тұтанып шаһардағы ірі сауда орындарының бірінің жанындағы қарағай ағашы өрттеніп кетті. Жалындаған отты сауда үйінің күзетшілері мен сол маңдағы адамдар жабылып сөндірді. Аналық теректер кезінде Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласында көптеп отырғызылған. Аймақ басшылығы енді бұл мәселені шешудің жолын қарастырып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18