Әншілер жарнамалаған ұтыс ойындарынан алданған 50-ден астам адам арыз жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әншілер жарнамалаған ұтыс ойындарынан алданған 50-ден астам адам арыз жазды

21.05.2020

Заңсыз ұтыс ойындарына алдандық деген тағы 50-ден астам адам Алматыдағы экономикалық тергеу департаментіне өтініш жазды. Бұл жолы Ернар Айдардың атына емес. Шағымданушылар осыған дейін жарнамасы жер жарған әнші Жазира мен Жанболат, Роза Әлқожа, Ақбота Керімбековалардың ойындарына қатысып, алданып қалғандарын айтады. Ең қызығы, жәбірленушілер билет алғандарына емес, одан кейінгі кезеңде айлакерлердің құрығына түсіп қалғандарын айтады.

Адвокаттың сөзінше осы әншілер жарнамалаған байқаулардың барлығын тек бір команда ұйымдастырған. Заңсыз лоторея ойынына аты аталған өнер иелерінің қаншалықты қатысы бары тергеу ісінен соң белгілі болмақ.

Адвокаттың сөзінше, өнер иелерінің ұпайы толық. Өйткені олар, өз қызметтері үшін тиісті ақысын алған. Ал қарапайым халықтың қыруар қаржысы қайтарыла ма деген сұраққа әзірге нақты жауап жоқ. Полиция департаменті тергеу ісі кемі 2 айға созылады деп отыр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу