Коронавирустың құны қанша? Елімізде Covid-19 вирусына қарсы сақтандыру полисіне сұраныс артуда. Бір айдың ішінде «Freedom Finance Life» компаниясы арқылы 100-ден астам азамат өз өмірін сақтандырған. Соңғы уақытта қызметкерлеріне алаңдаған жұмыс берушілер де жаңа бағдарламаға жүгіне бастаған.
«Сақтансаң, сақтайды». Осындай ұстаныммен өмір сүретін Қорғанбай өзін қорғаудың жолын біледі. Covid-19 вирусына қарсы сақтандыру бағдарламасының шыққанын әлеуметтік желіден қалған. Артынша сақтандыру компаниясының сайтына кіріп, өмірін сақтандырып қойды.
Бұл компанияның Covid-19 вирусына қарсы сақтандыру бағдарламасы осыдан 1 ай бұрын жүзеге асты. Оның өзінде көпшіліктің сұрауымен пайда болған. Сақтандыру мен сыйақы мөлшерінің үш түрін ұсынады. Сақтандыру тек 6 айға жарамды. Мерзімі біткенде, қайта рәсімдеу қажет.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ