Нидерландта шаруа қаракүзеннен коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландта шаруа қаракүзеннен коронавирус жұқтырған

20.05.2020
Нидерландта шаруа қаракүзеннен коронавирус жұқтырған

Нидерландта қаракүзеннен адамға COVID-19 жұғу дерегі тіркелді.

Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрлігінің үкіметке жолдаған хатында айтылған. Індетті аң фермасының қызметкері жұқтырған. 

Бұған дейін Еуропа елдерінің билігі коронавирустың жануарлардан жұғуы мүмкін еместігін айтып, тұрғындарды сендірген еді. Алайда Нидерланд министрі Карола Схаутен өз хатында бұл пікірдің қате екенін мойындаған. 

Айта кетейік, сәуірдің соңында Нидерландтағы аң фермасында қаракүзендерден COVID-19 анықталды. Жануарлардың тыныс алу жолдары мен ас қорыту жүйесі нашарлағаннан кейін коронавирусқа тесттен өткізілген. 

Ал бұған дейін коронавирус мысықтар мен иттерден, зообақтағы жолбарыстардан анықталған еді. Алайда бұл жануарлар вирус тасымалдауы мүмкін деген нақты дәлел жоқ екен. 

rbc.ru

Хабарламаларға жазылу