Биыл мектеп түлектерінің соңғы қоңырауы онлайн режимде өтеді
25 мамырда барлық мектепте соңғы қоңырау шарасы онлайн түрде өтеді. Оны әр сынып жетекшісі өзі ұйымдастырады. Оқу жылын қорытындылауда түрлі әдісті қолдануға мүмкіндік бар. Әр сынып жетекшісі шараны ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіппен өткізеді. Ал мектеп бітірушілер үшін аттестат тапсыру мен соңғы қоңырау мерекесі 3-4 маусымға жоспарланған. Мектеп ауласында өтетін кешке түлектер мен ата- анасы ғана қатыса алады. Барлық санитарлық талап сақталуы тиіс. Қаражат жинауға, мектепке, мұғалімдерге сыйлық жасауға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ шараға аниматорлар, түрлі мереке ұйымдастырушы ұйымдарды шақыруға болмайды. Дастархан жасауға да жол берілмейді.
Ақерке БЕРІКБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18