Түркістан облысынан 500 тонна қырыққабат Беларусь еліне жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысынан 500 тонна қырыққабат Беларусь еліне жөнелтілді

19.05.2020

Орамжапырақ егіп, орасан шығынға батқан шаруаларға жеке азаматтар қол ұшын созып жатыр. Мәселен, жергілікті кәсіпкер шаруалардан 500 тонна қырыққабатты сатып алып, оны Беларусь еліне жөнелткені жөнінде ақпарат желіде тарады. Биыл Түркістан өңірінде 8 мың гектар алқапқа ерте пісетін қырыққабат егіліп, 300 мың тонна өнім алынған. Соның 131 мың тоннасы әупірімдеп сатылды. 41 мың тоннасы Ресей, Қырғыз, Беларусь мемлекеттеріне экспортталған. Карантин кесірінен қырыққабатқа ішкі-сыртқы нарықта да сұраныс азайған. Жылда әр келісі 92-120 теңгеге саудаланып жүрген орамжапырақ бағасы биыл 15-20 теңгеге дейін арзандады. Тіпті сырап болмасын деген ниетпен шаруалар Мақтаралға гуманитарлық көмек әкелген көліктерге 600 тоннасын тегін артып жіберген.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу