Елордада қабырғасы сөгілген үйдің тұрғындары қауіптен қорқып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қабырғасы сөгілген үйдің тұрғындары қауіптен қорқып отыр

18.05.2020

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің қас беті құлағалы тұр. Ал үй болса 2005 жылы ғана бой көтерген. Тұрғындары бірнеше жылдан бері түрлі құзырлы мекемелерге хат жазып шағымданған. Алайда, мәселе шешілер емес.

Бұл Жеңіс көшесіндегі 9 қабатты үйдің тұрғындары. Кірпішпен қапталған үйдің қас беті құлағалы тұрғанын қалалық әкімдікке талай айтқан. Қайта жөндеу жұмыстарын 143 миллион теңгеге бағаланған. Сарыарқа ауданының әкімдігі мәселені шешудің екі жолын ұсынып отыр. Бірі — бюджеттен ақша бөлу, екіншісі, қыруар қаржыны халықтың қалтасынан жинау.

Сарыарқа аудандық әкімдігі бұл үйді биыл жөндемек болған. Бірақ қаржы жоқ.

Әзірге белгісі әкімдік әуелі сараптамаға қаражат сұрайды. Сосын сараптаманың қорнтындысы сарылып тағы 50 күн күтеді. Одан соң жөндеу жұмыстарына ақша іздестіреді. Ол тағы уақыт. Ал төнген қауіп уақытты күтіп тұра алмайды.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу