Халықаралық отбасы күні елордалық полицейге тосын сый жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық отбасы күні елордалық полицейге тосын сый жасалды

15.05.2020

Халықаралық отбасы күні қарсаңында елордалық полицейге өз отбасы күтпеген тосын сый жасады. Індет таралып, карантин енгізілгеннен бері олардың қызметі қауырт. Алғы шепте жүрген мамандар қоғамның тыныштығы үшін апталап, айлап жақындарын көрмеді. Бірақ полицей Ержан Мэлсұлының жанұясына бұл кедергі болған жоқ. Қызметтегі қауышу сәті келесі сюжетте.

Ержан Мэлсұлы полиция департаментінде 20 жылдан бері қызмет етеді. Соңғы уақыттағы елдегі ахуал отбасымен жиі қауышуға мұрсат бермеді.Өйткені, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін бақылау басты міндет.

Жауапты қызметті алаңсыз әрі кәсіби тұрғыда атқару үшін отбасы қолдауының рөлі зор. Бұл ретте полицейдің анасы мен жұбайының еңбегі еселі. Бақытты жанұя 4-сәбиін күтіп жүр.

Осылайша күтпеген тосын сый департамент мамандарын да мәре-сәре көңіл күйге бөледі. Полицей үшін осы қас қағым сәттегі қауышудың өзі бір бақыт.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу