Өскемендегі «Азия Авто» және «Азия Авто Қазақстан» компанияларына мемлекет әзірге қолдау көрсетпейді. Себебі еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлік құрастырушы кәсіпорындармен келісімді үзді. Себебі бұл компаниялар тиісті міндеттемелерін орындамаған. Атап айтқанда, осыдан 10 шақты жыл бұрын көлік құралдарының шанағын дәнекерлеу және бояу цехтарын былтырғы жылдың желтоқсанына дейін іске қосамыз деп уәде еткен. Сол үшін қосымша құн салығынан және кедендік төлемдерден босатылған. Бұдан басқа да жеңілдіктер жасалған. Зауыт басшылығы міндеттемелердің мерзімінде орындалмауын қаржының тапшылығымен түсіндіріп, тағы 1,5 жыл уақыт сұрап отыр. Ал осыдан бірнеше күн бұрын кәсіпорын жетекшілігі келісім бұзылса, өндіріс тоқтауы мүмкін деп мәлімдеген.
Берік КӨШЕРБАЙ