Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Асқар Мамин аймақтағы көктемгі егін жұмыстарымен танысып, ірі кәсіпорындарды аралады. Энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысын бақылады.
Шығысқа ат басын бұрған Премьер-Министрдің жұмыс кестесі өте тығыз. Асқар Мамин алдымен егіс алқаптарын аралады. Қазір мұнда қарбалас. Шаруалар биыл алқапты екі жарым есеге арттырып, 1 миллион 100 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Премьер ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындары мен титан-магний комбинатына барып, оларды одан әрі дамыту жоспарымен танысты.
Асқар Мамин Шығыс Қазақстан мемлекеттік-техникалық университеті мен облыстық балалар ауруханасына да барды. Мұнда реанимациялық және операциялық блоктардың жұмысымен, және коронавирусты емдеуге бағытталған ғылыми жобамен танысты. Премьердің жұмысы сапары енді Семей қаласында жалғаспақ.
Досжан МАРАТҰЛЫ