Павлодарлық шаруалар арзандатылған жанармайды ала алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық шаруалар арзандатылған жанармайды ала алмай отыр

13.05.2020
Павлодарлық шаруалар арзандатылған жанармайды ала алмай отыр

Көктемгі егіс басталса да Павлодарлық шаруалар арзандатылған жанар-жағар майды әлі ала-алмай отыр. Бұл дизель отынын жеткізіп беруге тиіс оператордың кінәсі екенін айтады әкімшілік. Оның үстіне, мамыр айындағы аптап ыстық та диқандар үшін жығылғанға жұдырық болды. Себебі, топырақ кеуіп барады.   

Мемлекет тарапынан бөлінген дизель отынының әр литрі нарықтағыдан 20 теңгеге арзан. Облыс дихандарына 19 мың тоннадан астам жанар май алу үшін қаржы бөлінді. Шаруалар оны бірден отынды жеткізіп беруге тиісті оператордың есеп-шотына салады. Алайда, ақша төленгенімен тауар болмай шықты. Сөйтіп әкімшіліктің араласуымен қаржы кейін қайтарылып жатыр.

Алда егіс орағы бар. Мемлекет дизель отынын арзан бағамен алу үшін шаруаларға тағы қаржы бөледі. Аузы күйген әкімдіктегілер бұл жолы жанар жағар майды алып алған соң ғана, операторға ақшасын аудармақ.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу