Қарағандылық ғалымдар COVID-19 инфекциясына қарсы жаңа препарат ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық ғалымдар COVID-19 инфекциясына қарсы жаңа препарат ойлап тапты

13.05.2020

Қарағандылық ғалымдар COVID-19 инфекциясына қарсы жаңа препарат ойлап тапты. Ол жаһандық деңгейлі жаңалық болуы ғажап емес. Жаңа молекулалық жиынтық клиникаға дейінгі бірнеше сынақтарда вирусқа қарсы оң нәтиже берген.  

Ғылыми-өндірістік холдингте 500-ден астам өсімдіктердің коронавирусқа қарсы емдік қасиеті зерделеніп, соның ішінде 30-ға жуығы іріктеліп алынған. Соның бірегейі — Орталық Қазақстанда ғана өсетін кәдімгі тықыр жусан. Дәл осы тықыр жусан мен эхинохлоуа өсімдгінің бойындағы беймолекулалық қосылыстардан ғалымдар жаңа препаратты ойлап шығарды. Енді ол сынақтан өткізілмек.

Қазір зертханада алғашқы препараттар шығарылды. Ол еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінде жан-жақты зерделеніп, рұқсат берілген соң, клиникалық сынақтан өткізіледі. Қауіпті індетке қарсы емдік қасиеті толық расталған жағдайда бұл дәрі түйіршік және капсула күйінде көптеп өндірілмек. Қарағандылық ғалымдардың бұл жаңалығына қазірдің өзінде Қытай мемлекеті қызығып отыр. Инвестиция құюға әзір.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу