Қостанай облысында сәуірдегі боранда өлген жылқылардың өлекселері көмілмей шашылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында сәуірдегі боранда өлген жылқылардың өлекселері көмілмей шашылып жатыр

13.05.2020

Қостанай облысының Алтынсарин жəне Сарыкөл аудандарының аумағында ондаған жылқының өлексесі жиналмай, далада жатыр. Жергілікті жұрттың айтуынша, олар 7 сәуір күнгі боранда ығып өлген.

Көктем шыға Обаған өзенінің аңғарындағы ойпаңға еріген қар суы толыпты. Қатты жел соққан күні жылқы үйірімен ығып келіп, асты ұйық суға құлап, қайта шыға алмай қалған.

Куәгерлердің айтуынша, өлген малдың саны 200-ге жуықтайды. Кейін жер құрғай бастағанда біразы шығарылып, көмілген. Алайда өзенге жақын маңдағы батпақты қазаншұңқырлардан жылқы өлекселері әлі де табылып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу