Маңғыстау облысында суыққа шыдамай, 200-ге жуық жылқы қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында суыққа шыдамай, 200-ге жуық жылқы қырылды

21.12.2020

Маңғыстау облысында өрістегі жылқылар суыққа шыдамай қырылып жатыр. Қазірдің өзінде 200-ге жуық мал шығын болған. Қазір мамандар шаруалармен кездесіп, өлген жылқылардың санын анықтауда. Олардың айтуынша, жануарлар қараусыз қалған. Биыл шөп аз. Оның үстіне бір айдан бері үскірік жел соғып, қар үстіне қатқан мұз малдың тебіндеуіне мүмкіндік бермей тұр. Тұяғын мұз кескен жануарлар, үйелеп қалған.     

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу