Қостанай облысының Жангелдин ауданында мал қырылып жатыр

05.06.2015
Қостанай облысының Жангелдин ауданында мал қырылып жатыр

Қостанай облысының Жангелдин ауданында мал қырылып жатыр. Албарбөгет ауылдық округіне қарасты аумақта екі аптаның ішінде 100-ге жуық мал шығын болған.

Шаруалардың айтуынша, ірі қараның да, жылқының да алдымен басы, аяғы ісінеді.

Өрісте жүріп құлаған малдардың өлекселері жайылымдарда көмілмей шашылып жатыр. Ауру шыққан жердегі малды союға, сатуға да тыйым салынбаған.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК 

Хабарламаларға жазылу